Kaspersky Security Center қолданбаларын қашықтан орнату тапсырмасы арқылы мәжбүрлеп орналастыру

Желілік агенттерді немесе басқа да қажетті қолданбаларды бастапқы орналастыру үшін, құрылғыларда жергілікті әкімші құқықтары бар есептік жазба (жазбалар) болған кезде және құрылғылардың әрбір ішкі желісінде тарату нүктесінің рөлін атқаратын Желілік агент орнатылған кемінде бір құрылғы болған кезде, Kaspersky Security Center қолданбаларын қашықтан орнату тапсырмасы арқылы, таңдалған орнату пакеттерін мәжбүрлеп орнатуды қолдануға болады.

Бұл ретте, құрылғылар айқын түрде (тізіммен) немесе өздері тиесілі болып табылатын Kaspersky Security Center басқару тобын таңдау немесе белгілі бір шарт бойынша құрылғы таңдауларын жасау арқылы көрсетілуі мүмкін. Орнатуды іске қосу уақыты тапсырма кестесімен анықталады. Тапсырманың сипаттарында Өткізіп алынған тапсырмаларды іске қосу параметрі қосулы болса, тапсырма құрылғыларды қосу кезінде немесе оларды мақсатты басқару тобына көшіру кезінде бірден іске қосылуы мүмкін.

Мәжбүрлеп орнату әрекеті, орнату пакеттерін тарату нүктелеріне жеткізу, содан соң файлдарды құрылғылардың әрқайсысының admin$ басқару ресурсына көшіру және оларға көмекші қызметтерді қашықтан тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Орнату пакеттерін тарату нүктелеріне жеткізу әрекеті, желілік өзара әрекеттесуге жауап беретін Kaspersky Security Center функциясы арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда, келесі шарттар орындалуы керек:

Жұмыс топтарында орналасқан құрылғылар "Лаборатория Касперского" техникалық қолдау қызметінің порталында сипатталған riprep.exe утилитасының көмегімен жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келтірілуі мүмкін.

Kaspersky Security Center басқару топтарында әлі орналастырылмаған жаңа құрылғыларға орнатқан кезде, қашықтан орнату тапсырмасының сипаттарында Желілік агентті орнату аяқталғаннан кейін құрылғылар көшірілетін басқару тобын белгілеуге болады.

Топтық тапсырманы жасау кезінде, топтық тапсырма таңдалған топтың барлық салынған ішкі топтарының құрылғыларына әсер ететінін есте ұстаған жөн. Сондықтан, орнату тапсырмаларын ішкі топтарда қайталамау керек.

Қолданбаларды күшпен орнату тапсырмаларын жасаудың жеңілдетілген тәсілін қолдануға болады – автоматты түрде орнату. Бұл үшін басқару тобының сипаттарында орнату пакеттерінің тізімінен осы топтың құрылғыларына орнатылуы тиісті пакеттерді таңдау керек. Нәтижесінде, осы топтың және оның ішкі топтарының барлық құрылғыларында, таңдалған орнату пакеттері автоматты түрде орнатылады. Пакеттер орнатылатын кезең, желінің өткізу қабілетіне және желідегі құрылғылардың жалпы санына байланысты.

Күшпен орнатудың жұмысқа жарамдылығы үшін құрылғылар орналасқан әрбір оқшауланған желіде тарату нүктелерінің болуын қамтамасыз ету қажет.

Орнатудың бұл тәсілі, тарату нүктелерімен тағайындалған құрылғыларға елеулі жүктеме түсіретінін ескеру қажет. Сондықтан, тарату нүктелері ретінде жоғары өнімді тасушылары бар қуатты құрылғыларды таңдау керек. Сонымен қатар, %ALLUSERSPROFILE%\Application Data\KasperskyLab\adminkit қалтасы бар бөлімдегі бос орын көлемі орнатылатын қолданбалар дистрибутивтерінің жиынтық көлемінен бірнеше есе асып түсуі тиіс.

Басына оралу